Наурыз тарихы архив деректерінен

Мәдениет және спорт министрлігі Наурыз мейрамын тойлау дәстүрі жайында архивте сақталған фото, видеоматериалдарды жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәдениет және спорт министрлігі Наурыз мейрамына орай архив қорында сақталған фото және киноқұжаттарды жариялады.

Бейнеролик Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінде сақталған материалдар негізінде жасалған.

Атап айтқанда, «Қазақфильм» киностудиясы түсірген, режиссер С. Жармұхамедовтің «Қош келдің, Наурыз!» атты фильмінен үзінді көрсетіледі. Онда қазақтың салт - дәстүрі мен «Наурыз» мерекесінің шығу тарихы туралы айтылады. Түсірілім жұмыстары 1991 жылы Жамбыл облысы, Меркі ауданында өткен. Бұдан бөлек 1988 жылы Өскемендегі Наурыз тойы, 1989 жылы Алматы шет тілдер институты студенттерінің мейрамды атап өтуі және басқа да фотоқұжаттар енген. 

Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінде қазақ халқының мәдениеті мен тарихынан сыр шертетін көптеген құжат сақталады. Соның ішінде Наурыз мейрамын тойлау дәстүріне қатысты да құнды материалдар бар. Халқымыз жаңару мен жақсылықтың белгісіне айналған мерекені ерекше қуанышпен қарсы алған. Самарқанның көк тасы жібіген күні ағайын-туыспен көрісіп, мол дастархан жаятын болған, - деді Архив істері және құжаттамалық басқару комитетінің төрағасы Қуат Бораш.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Мәдениет және спорт министрлігі
Өзгелердің жаңалығы