Наурыз мерекесінде елордада қандай ауа райы күтіледі?
Астана, BAQ.KZ. Алдағы күндері қалада сынап бағанасы 5 градус жылылықты көрсетеді, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.
«Қазгидрометтің» мәліметінше, ертең 20 наурызда, Астанада жауын-шашынсыз, көшпелі бұлт шығады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -10…-12°С, күндіз 0…+2°С.
21 наурызда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 5-10 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде -5…-7°С, күндіз +3…+5°С.
22 наурызда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жаууы мүмкін. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Сынап бағанасы -3…-5°С, күндіз +3…+5°С көрсетеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы әлемдегі ең арзан қалалар рейтингінде төртінші орында
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы