Наурыз мерекесі қарсаңында бір топ металлург үйлі болды
Наурыз қарсаңында Ақсу қаласының бір топ металлургі патерлі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.
Ақсу ферроқорытпа зауытының мамандары кәсіпорынның тұрғын үй бағдарламасының игілігін көруде. Қызметкерлер алғашқы жарнасыз пәтерлі болуы мүмкіндігіне ие. Осылайша, 18 бақытты отбасы баспаналарының кілттеріне ие болды. Қоныс тойын тойлағандардың қатарында білікті мамандар, зауыттың жас қызметкерлері, әлеуметтік әлжуаз топтарға жататын мамандар бар.
Биыл ферроқорытпа зайыты 55 жылдық мерейтойын атап өтеді. Жарты ғасырлық уақытта игі дәстүрлері қалыптасқан, мықты ұжым пайда болды. Мамандарымыздың пәтермен қамту да - жылдар бойы қалыптасқан дәстүрлеріміздің бірі. Тұрғын үй бағдарламасы арқылы металлургтеріміз баспананы қолжетімді бағамен ала алады», - дейді зауыт директорының орынбасары Мұсабек Мақашев.
Пәтерлер жалға алу-жинақтау механизмі бойынша үлестіріледі. Маман алғашқы сегіз жыл бойы тегін тұрып, осы уақыт ішінде баспана құнының жарты сомасын жинап алады. Қалған соманы екінші деңгейлі банк жеңілдетілген мөлшерлеме арқылы береді.
Баспаналы болғандардың қатарында шихтаны қайта өңдеу цехының кран машинисі Антонина Ақылбаеваның жанұясы бар. Ол жолдасымен бірге бір зауытта 30 жыл бойы еңбек етіп келеді.
Пәтер иесі атанғаныма сене алар емеспін. Өзіміз қалаған шағын ауданнан үй алғанымызға қуаныштымыз. Бұған дейін пәтер жалдап жүрген едік, - дейді машинист.
Айта кетейік, тұрғын үй бағдарламасы 14 жыл бойы жүзеге асырылып келеді. Осы күнге дейін алты көпқабатты үй бой көтеріп, 300 отбасы баспанаға ие болды.