Наурыз марафоны басталды

"Қазмедиа орталығының" киноконцерт залында "Қазақстан" телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен "Ұлыстың Ұлы күні" Наурыз-марафоны басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Іс-шараға Мәжіліс және Сенат депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, өнер мен мәдениет, ұлттық спорт өкілдері және ерекше ерлігімен көзге түсіп жүрген қазақстандықтар қатысады.

Шарада арнайы құрылған этноаумақ, түрлі тақырыптағы талқылаулар өткізілетін дискуссия алаңы, қызықты сұхбаттар мен ұлттық ойындар алаңы болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы