Наурыз күні кешірімді болып, мейірімділік таныту өте маңызды – Асхат Аймағамбетов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов барша қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады.
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурыз – тарихы мен мағынасы терең, ерекше мереке. Наурыз – ол жыл басы, күн мен түннің теңелетін, тіршілік әлемнің қайта түлейтін, ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын көктем мерекесі. Бұл мейрам – достық пен бірліктің, жаңарудың, ынтымақ пен мейірімділіктің нышаны, - деді еліміздің бас ұстазы.
Сондай-ақ ведомство басшысы Ұлыстың ұлы күні барынша кешірімді болып, мейірімділік таныту маңызды деп санайды.
Сол себепті бұл күні жақсы тілек айтып, кешірімді болу және мейірімділік таныту өте маңызды, - деп атап өтті министр Аймағамбетов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қазақстан мен Ресей агроөнім саудасын жеңілдетеді
Өзгелердің жаңалығы