«Наурыз» ипотекасы: Кімдер қатыса алады?

5 наурыздан 31 наурызға дейін Отбасы банк жеңілдетілген «Наурыз» ипотека бағдарламасы бойынша өтінім қабылдайды. Бұл бағдарлама арқылы пәтерді төмен пайызбен сатып алуға болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кімдер қатыса алады?

Бағдарламаға, ,езекте тұрған әлеуметтік осал топтағы азаматтар, Жұмыс істейтін жастар мен жас отбасылар, Тұрғын үй төлемдерін алатындар, Отбасы банк салымшылары, Ауыл, моноқала және аудан орталықтарында тұратын адамдар қатыса алады.

Негізгі талап: Соңғы 5 жылда өзіңізде немесе отбасы мүшелерінде тұрғын үй болмауы керек. Сонымен қатар өтінім берер алдында кемінде 6 ай ресми жұмыс істегеніңіз дәлелденуі қажет.

Ипотеканың шарттары

Ипотеканың бастапқы жарнасы 20%-дан бастап.

Әлеуметтік осал топтар үшін несие пайызы 7%, ал қалған азаматтарға 9% болады.

Қарыз 19 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

Алматы мен Астанада ең жоғары несие сомасы 36 млн теңгеге дейін, ал басқа аймақтарда 30 млн теңгеге дейін беріледі. Сондай-ақ, несие сомасының 20%-ына дейінгі қаражатты жөндеу жұмыстарына жұмсауға болады.

Қалай өтінім беруге болады?

Бірінші қадам – Отбасы банкінде депозит ашып, кемінде 2 млн теңге жинау. Депозитті өтінім берер алдында да ашуға болады.

5 наурыздан бастап Baspana Market сайтына кіріп, жеке кабинетке тіркеліп, “Наурыз бағдарламасы” бөлімінде өтінім толтыру қажет. Содан кейін электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы өтінімге қол қойылады.

Банк сіздің тұрғын үйге мұқтаждығыңызды тексеріп, шешім қабылдайды. Өтінімдер тек 31 наурызға дейін қабылданады. Бағдарламаға қатысу үшін міндетті түрде алдын ала депозит ашу керек. Бұл – баспаналы болғысы келетіндер үшін үлкен мүмкіндік.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы