«Наурыз Fest». Алматыда Наурыз думан басталды

Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына аниматорлардың қойылымы, халықтық караоке, би флешмобы, конкурстар ұсынылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Сондай-ақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен жанды дауыстағы концерт, ұлттық ойындар және басқа да шаралар өткізілді.

Сонымен қатар ұйымдастырушылар барабандар, дауылпаздар мен қобыздарды қолдана отырып театрландырылған шоу ұсынды.

«Астана» алаңында өткен мерекелік концертке барлығы 500-ден астам әртіс қатысты. Сонымен қатар сахнада 100-ден астам адам өнер көрсетті.

Театр қойылымдарымен қатар ретро мотивтер, сондай-ақ заманауи композициялар ұсынылады. 

«Бозторғай» балалар хоры Наурыз мейрамына арнайы жазылған қазақ және орыс тілдерінде «Бейбітшілік бүкіл әлемде» («Мир всем мире») әнін орындайды.

Бұдан бөлек қаланың Панфилов және Жібек Жолы көшелерінде «Наурыз Fest» іс-шарасы 24 наурызға дейін жалғасын табады.

Суретшілер мен қолөнершілердің көрмесі ұйымдастырылып, келушілер кілем тоқу, жібек пен керамиканы бояу, асыл тастарды кесу, былғарымен, ағашпен, шыны және сазбен жұмыс істеу технологиясымен таныса алады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қайрат Қонысбай
Өзгелердің жаңалығы