"Наурыз" бағдарламасы: Қанша адам өтініш беріп үлгерді
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "Наурыз" тұрғын үй бағдарламасының алғашқы қорытындылары жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Отбасы банктің басқарма төрағасы Ляззат Ибрагимова аралық қорытындыны баяндап берді.
Еске сала кетсек, бағдарлама 25 сәуірде іске қосылған болатын.
10 мамырдағы жағдай бойынша 17 432 қазақстандық өтініш берді. Оның ішінде 8 945 өтініш қабылданды, олардың жартысы 3 955 өтініш тұрғын үйге кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтары өкілдерінен түскен. Бұл көпбалалы отбасылар, жетім балалар, тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтар, - деді банк басшысы.
Оның сөзінше, бағдарламаға түскен өтініштердің 57%-ын әйелдер жолдаған.
Барлық өтініш берген азаматтың 62%-ы 35 жасқа дейінгі жастар.
Ең жас өтініш берген азамат Түркістан облысының тұрғыны. Оның жасы 18-де.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы