Бүгiн 2026, 17:39
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов
Наурыз айының соңына дейін Дубайға ұшатын рейстер тоқтатылды
Air Astana Дубайға рейстерді наурыз айының соңына дейін тоқтатты
Air Astana әуе компаниясы наурыз айының соңына дейін Дубайға ұшатын рейстер тоқтатылғанын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Таяу Шығыстағы шиеленісті жағдайға байланысты Air Astana әуе компаниясы 11 наурыздан 31 наурызға дейін (қоса алғанда) Алматы – Дубай және Астана – Дубай бағыттары бойынша тұрақты рейстерін тоқтатады. Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына билет құнын айыппұлсыз толық қайтару немесе 1 сәуір мен 31 мамыр аралығындағы (қоса алғанда) рейстерге тегін қайта брондау ұсынылады. Әуе компаниясы Таяу Шығыстағы оқиғалардың дамуын жіті қадағалауды жалғастырады, - деп хабарлады әуе компаниясының баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Астана әуежайында 20 рейс кешігіп жатқаны хабарланды.