+1

Наурыз айының соңғы күндері ауа райы қандай болады

Наурыз айының соңғы күндері ауа райы қандай болады

"Қазгидромет"  алдағы үш күнге күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдағы күндері елдің басым бөлігін қамтитын антициклон әсерінен жауын-шашынсыз болады. Тек республиканың оңтүстігіне, оңтүстік-шығысына циклон әсер етіп, бұл өңірлерде қар аралас жаңбыр жауады. Кейбір аудандарда тұман мен жел күшейеді.

Елдің батысында негізгі температура түнде 5 аяз + 5 жылу, күндіз +10+18 жылы болады.

Солтүстік-батыста температураның негізгі фоны түнде 0-10 аяз, күндіз +7+15 жылы болады.

Солтүстікте температура түнде 0-10 аяз, күндіз +5+13 жылы болады.

Елдің орталығында түнде температураның 2-14 аяздан -7 аязға дейін +1 жылу, күндіз +5+10 жылы болып, +10+15 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.

Шығыста түнгі температура 5-25-тен 0-15-ке дейін, күндіз 0-10-дан +5+15-ке дейін көтеріледі.

Оңтүстік аймақтарда түнде температура 5 аяз-5 жылы болып, күндіз +5+13 жылы болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - архив
Өзгелердің жаңалығы