Наурыз айындағы мерекелер қарсаңында қосымша пойыздар шығарылады
Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" компаниясының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Компанияның хабарлауынша, Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамы кезінде жолаушылар ағынының артуына байланысты қосымша пойыздар шығарылып, 58 мыңнан астам орын ұсынылады.
Халықаралық әйелдер күні мерекесі кезінде 265 қосымша тіркеме вагон қосылып, қала маңы пойыздарының жүру жиілігі артады:
• "Астана-1-Бурабай курорты" – 7, 8, 9, 10 наурыз аралығында қатынайды;
• "Теміртау-Ақадыр" – 7, 8, 9, 10 наурыз аралығы.
Наурыз мейрамы кезінде 432 қосымша тіркеме вагон қосылып, 20 мыңнан астам орын ұсынылады. 3 пойыз қосымша жолға шығады:
• №201/202 "Астана ("Нұрлы-жол")-Алматы-1" – 20, 21, 23, 24 наурыз аралығы;
• №203/204 "Астана-1-Шымкент" – 21, 22, 24, 25 наурыз аралығы.
• №257/258 "Ақтөбе-Астана ("Нұрлы-жол")" – 16, 18, 20, 22, 23, 25 наурыз аралығында қатынайды.
Қала маңы бағыттарында қосымша электр пойыздары іске қосылады:
• "Астана-1-Бурабай курорты" – 21, 22, 23, 25 наурыз аралығы.
• "Қарағанды-Астана-1»"– 21, 22, 23, 25 наурыз аралығында қатынайды.