Наурыз айында жерлестеріміз қанша күн демалады

2024 жылдың наурызында Қазақстан халқы 14 күн демалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы айда екі ресми мереке – 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні және әз-Наурыз мейрамы бар.

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнінде аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 8, 9, 10 наурызда үш күн қатарынан демалады.

Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін 8-10 наурыз - демалыс, 9 наурыз жұмыс күні болып саналады.

Наурыз мейрамында (21-25 наурызда) ел азаматтары бес күн демалады.

Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін 25 наурыз - жұмыс күні, 21-24 наурыз аралығында демалады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы