Наурыз айында азық-түлік бағасы қалай өзгерді

Алматы, BAQ.KZ. Азық-түлік тауарларыны бір жылдағы (2020 жылғы наурыз 2019 жылғы наурызға) бағасы 9,3% өсті. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитеті хабарлады.

Комитеттің мәліметі  бойынша, нан өнімдері және жармалар, ет, балық және теңіз өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, май және тоңмай, кондитерлік өнімдер, көкөністер мен жемістер, алкогольсіз сусындар және алкогольді ішімдіктер қымбаттаған, ал қант арзандады.     

2020 жылғы наурызда жарма өнімдері тобында қарақұмық жармасына орташа бағасы килограмына 334 теңгені (2019 жылғы наурызда – 244 теңге), сұлы жармасына – 355 теңгені (332 теңге), сөкке – 375 теңгені (264 теңге), күрішке 374 теңгені (327 теңге) құрады. Құмшекердің орташа бағасы 2020 жылғы наурызда килограмына 200 теңгені, 2019 жылғы наурызда 237 теңгені құрады,-делінген хабарламада.

2020 жылғы наурызда сүт өнімдерінен сүзбеге орташа баға килограмына 1630 теңгені (2019 жылғы наурызда – 1561 теңге), қаймақ – 1132 теңгені (1050 теңге), айран – 302 теңгені (286 теңге), пастерленген сүт 258 теңгені (239 теңге) құрады.

Айта кетсек, Қазақсатн Ауыл шаруашылық министрлігі бұған дейін ел тұрғындары басты азықпен қамтылуын бақылайтындарын мәлімдеген. Бағаны шектен тыс көтергендерге айыппұл салатындарын хабарлаған.

Еліміздегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік пен тауарлар жарты жылға жетеді. Өңірлердегі тұрақтандыру қорларында, өндірушілердің қоймаларында, сауда ұйымдары мен өзге де сақтау орындарында 1,2 тонна азық-түлік бар. Оның үстіне азық-түлік тауарын өндіру тоқтаған жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы