Наурыз айында ауа райы қандай болады

Елімізде ақпан-наурыз айларында ауа райы қандай болатыны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ауа райына қатысты болжамды Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Галидулла Азидуллин айтты.

Сөзінше, алдын ала болжам бойынша ақпан айында республиканың басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормаға жақын, Қазақстанның қиыр оңтүстігінде - нормадан 1°С жоғары болады деген болжам бар.

Ақпан айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормаға жуық, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан басым бөлігінде, Ақтөбе және Қостанай облысының батысында нормадан аз, Түркістан, Қызылорда облысының басым бөлігінде, Жамбыл облысы, Алматы облысының оңтүстік жартысында, Жетісу облысында нормадан көп болуы мүмкін, - деді вице-министр.

Сонымен қатар алдын ала болжамға сәйкес наурыз айында республиканың басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормаға жақын болжанады, батыс өңірлерде 1° нормадан жоғары, 1° нормадан төмен - елдің солтүстік-шығыс, орталығында және оңтүстік аймақтардың солтүстігінде.

Наурыз айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормадан төмен, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында, Ақмола, Павлодар, Абай облысының басым бөлігінде, Қостанай облысының солтүстік-шығысында, Алматы облысының оңтүстік-шығысында, Жетісу аумақтарында нормаға жуық деп болжанып отыр, - деп түсіндірді Галидулла Азидуллин брифингте.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: inform.kz
Өзгелердің жаңалығы