Наурыз айында ауа райы қандай болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірінші онкүндіктің басында солтүстік жартысында температуралық фон түнде 5...10 аяз, шығыста кей жерлерде 15...20 дейін аяз, күндіз 5 аяз...5 жылы, оңтүстік өңірлерде - күндіз ауа 10...20 дейін жылынады, деп хабарлайды "Қазгидромет".

Наурыздың басында және ортасында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтардың кей жерлерінде қатты, екпінді жел 15-25 м/с дейін, солтүстік өңірлерде бұрқасынмен жауын-шашын күтіледі. Республика бойынша жиі тұман, солтүстік жартысында көктайғақ күтіледі. Жауын-шашынмен қатар ауа температурасы төмендейді.

Бірінші онкүндіктің соңында Кар теңізінен суық антициклонның басып кіруімен республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы төмендеп, термометр бағаны түнде 10...15, кей жерлерінде 20-25 аязға дейін, күндіз 5...13 аязға дейін, оңтүстікте түнде 2...12 аязға дейін, күндіз 0...8 жылыға дейін төмендеуі мүмкін.

Қазақстанның батысында бірінші онкүндіктің басында және ортасында жауын-шашын күтіледі, ауа температурасы түнде 0...8 аяздан 0...5 жылыға дейін, күндіз 0...5 жылыдан 5...13 жылыға дейін өзгереді.

Наурыз айында ауаның орташа айлық температурасы Қазақстанның басым бөлігінде нормадан 1°С жоғары, оңтүстік - шығыс бөлігінде норма шамасында (норма: солтүстік жартысында - 3...9 аяз, оңтүстік жартысында - 2 аяз...8 жылуды құрайды).

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормадан көп, еліміздің батыс бөлігінде норма шамасында болады деп болжануда (ҚР басым бөлігінде норма 10-25 мм, тек оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс тау және тау бөктерлі аудандарында 30-90 мм.)

Бір ай ішінде циклондар мен антициклондардың жиі ауысуы жауын-шашынның жиі түсуіне және ауа температурасының өзгеруіне себепші болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы