Наурыз: Атында үйі барлар мен шотында 1 млн теңгесі болмаған азаматтардың өтініші қабылданбады

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Отбасы банк басқарушы директоры - Орталық филиал директоры Жансұлтан Матай қанша адамның өтініші қабылданбағанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алматы, Астана және Шымкент қалаларымен қатар тұрғын үй сатып алу үшін ең көп таңдалған 5 қала мен өңір қатарында Ақтөбе мен Алматы облыстары кіреді. Сонымен қатар 2 436 өтініш қабылданбады. Себебі клиенттердің депозиттерінде қажетті 1 млн теңгесі болған жоқ, - деді Матай брифингте.

Оның айтуынша, бұл бағдарламаға қатысудың негізгі шарттары.

Тұрғын үйі бар адамдардың да өтініштері қабылданған жоқ. Тағы 5 008 өтініш жолдану процесінде. Яғни оларды мемлекеттік деректер қорымен сәйкестендіру жүргізіліп жатыр. Жүйеде өтінімдерге үміткер ЭЦҚ арқылы қол қояды. Қазір соны күтіп отырмыз, - деп түсіндірді ол.

Наурыз бағдарламасы бойынша 2 878 өтініш қолмен тексерілді.

Бұған дейін "Наурыз" бағдарламасына қанша адам өтініш беріп үлгергені айтылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы