Науқасқа қар омбылап жаяу барған жедел жәрдем қызметкерлері марапатталды
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров науқасқа көмек көрсету үшін қар омбылап жеткен фельдшерлерді марапаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтөбе облысының әкімі Хромтау ауданына сапарында қызметіне адалдық танытып, әлеуметтік желі жұлдыздарына айналған фельдшерлерге алғыс білдірді. Бауыржан Құдияров, Сая Рысбай, Қайрат Төлеуге алғыс хат табыстады. Адамдардың өмірін сақтап қалуды көздеген мамандардың еңбегі міндетті түрде еленетінін жеткізді.
Біз белгіленген жерге кешігіп жатсақ, диспетчерлерге дәлел ретінде бейнежазба жазып жібереміз. Науқасқа барып, жұмысқа қайтып келсек, әлеуметтік желілерде әлгі видеомыз тарап кеткен, - дейді фельдшер Бауыржан Құдияров.
Еске салсақ, Хромтау ауданының жедел жәрдем фельдшерлері 7 ақпан күні жүрегі сыр берген науқасқа барды. Олар жарты жолда көшені қар басқанын көріп, әрі қарай жаяу жүруге мәжбүр болды. Осы аралықта омбылап, жылдам жету қиындағанын көрсету үшін аға фельдшер Сая Рысбай видеоға түсіріп, оны дәлел ретінде ұсынды. Кейін бұл видео желіге тарап кетіп,