Науқасқа қауіп төнбеген жағдайда жедел жәрдемнің келуі 60 минутқа созылады 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Науқастың денсаулығына не өміріне айқын қауіп болмаған жағдайда жедел көмек бригадасының келу уақыты 60 минутқа дейін өзгереді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференциясында Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Бауыржан Жүсіпов айтты.

Қазақстан бойынша жедел-медициналық көмек қызметі 18 дербес жедел медицналық көмек стансасынан, 87 қалаішілік стансадан және 288 аудандық жедел көмек бөлімшесінен тұрады. Республика бойынша күн сайын жедел көмек шақыртуларына 1400-ге жуық жедел-медициналық бригадасы көмек көрсетеді. Оның 23 пайызы мамандандырылған дәрігерлік, 77 пайызы фельдшерлік бригада. Елімізде санитариялық автокөлікпен жабдықталу 93 пайызды құрайды, - деді Бауыржан Жүсіпов. 
Оның айтуынша, қазіргі таңда 1967 санитариялық автокөлік бар. 
2019 жылы жедел-көмек автокөліктерінің тапшылығын жабу мақсатында өңірлерде 293 бірлік автокөлік сатып алынды. Биыл 807 бірлік автокөлік сатып алу жоспарлануда, - деді ол. 

Бауыржан Жүсіпов осы жылдың 5 айдың жедел медициналық көмек бригадалары 3 млн-нан астам шақыртуға көмек көрсеткенін айтты. 
Республика бойынша жедел-көмек бригадалары күніне 18 мың шақыртуға қызмет көрсетуде. Маусым айында жедел көмек шақырту 10 пайызға өсті. 15-22 маусым аралығында жедел көмек бригадалары тәулігіне 22 мыңнан астам шақыртуларға қызмет көрсетуде. Өңірлер бойынша Ақтөбе, Қызылыорда және Нұр-Сұлтан қалаларында байқалуда. Жедел көмек бригадасының шақырту оррнына келу уақыты 12 минуттан 13 минутқа артты. Егер де, науқастың өміріне не денсаулығына қауіп төнген жағдайда жедел көмек бригадасының келу уақыты 15 минуттан аспауы тиіс, ал науқастың денсаулығына не өміріне айқын қауіп болмаған жағдайда келу уақыты 60 минутқа дейін өзгереді, - деді ол.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы