Науқастарды онлайн қабылдау өз тиімділігін көрсетті

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы №5 қалалық емхананың жалпы тәжірибе дәрігері Лаура Малдыбаева онлайн брифинг барысында онлайн режимде кеңес беру медициналық қызметтерді алудың қауіпсіздігі мен тиімділігі үшін жасалғанын айтты.

Оның айтуынша, коронавируспен ауырған науқастар медицинада ескерусіз қалмаған. Халықтың қауіпсіздігі үшін көптеген емханаларда физикалық келулер шектелген, кейбірінде дәрігерлермен кездесу де жалғасуда. 

Жергілікті дәрігерлер өз науқастарымен интернет арқылы байланыста. Азаматтық бекітілген емханалар өз аумақтарында қызмет көрсету аясында үйлеріне тегін дәрі-дәрмек жеткізуде. Әсіресе карантин жағдайында пациентке шығу уақытын үнемдеу, медициналық қызметтерді алудың қауіпсіздігі мен тиімлігі үшін жасалып отыр, - дейді дәрігер.
 
Сонымен қатар, ол қазір карантин шаралары жеңілдетіліп жатқанымен, сақтық шараларын әлі де ұстану қажеттігін ескертті. 
Маска тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет. Одан бөлек 65 жастан асқан адамдарға емханаға баруға әлі де шектеу бар. Олар емханадан онлайн кеңес ала алады, - дейді Лаура Малдыбаева.
Емханаларда онлайн кеңес беру маусым айынан бастап іске қосылған. Осы аралықта №5 емханада 3 мыңнан астам онлайн кеңес берілген. Онлайн хабарласқан науқастар әсіресе дене қызуының көтерілуі, басының ауыруы, іші өту, кеуде қуысының ауыруы мен дем жетіспеу бойынша шағымданған. Сырқаты ауыр науқастар ауруханаға жатқызылып отырған.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы