НАТО Украинаға қару-жарақ жеткізілімін арттыруға шақырды
НАТО Бас хатшысы Марк Рютте мен АҚШ Қорғаныс министрі Пит Хегсет одақтастарды Украинаға американдық қару-жарақ сатып алуды көбейтуге шақырды. Бұл туралы олар Брюссельде өткен Альянс конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.
Хегсеттың айтуынша, қосымша жеткізілімдер Украина қорғанысын нығайтып, соғысты бейбіт жолмен аяқтауға ықпал етуі тиіс.
Әлем сіз күшті болған кезде ғана бейбіт болады. Егер сізде қарсыластар құрметтейтін нақты және сенімді мүмкіндіктер болса, – деді АҚШ Қорғаныс министрі.
Бұл бастама Prioritized Ukraine Request List (PURL) бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Шілде айында АҚШ президенті Дональд Трамп пен НАТО Бас хатшысы Марк Рютте бекіткен механизм арқылы одақтас елдер Украина үшін АҚШ-тағы қорғаныс арсеналдарынан қару сатып ала алады.
Бүгінгі таңда 1,9 млрд еуроға жуық жеткізілім қаржыландырылған. Бұл сомаға Германия, Нидерланды, Швеция, Норвегия, Дания және Канада үлес қосты. Ал Ұлыбритания, Франция және Испания әзірге ірі міндеттемелерден бас тартқан.
НАТО сондай-ақ дрондарға қарсы қорғаныс жүйесін құруды жеделдетуді жоспарлап отыр. Бұл бағытта Украина тәжірибесі ескеріледі.
Марк Рюттенің айтуынша, НАТО мен Еуроодақ бұл салада бірін-бірі толықтырады.
НАТО әскери аспектілермен айналысса, ЕО қаржыландыру мен үйлестіруді қамтамасыз етеді. Бұл комбинация өте маңызды, - деді Рютте.