Бүгiн 2026, 01:08
Фото: freepik
НАТО Ирандағы әскери операцияларға қатысты пікірін білдірді
Рютте Еуропа елдері операцияларға тікелей қатыспайтынын, бірақ АҚШ пен Израильге логистика және қорғаныс саласында қолдау көрсететінін атап өтті.
НАТО Бас хатшысы Марк Рютте Ирандағы әскери операция Тегеранның қаупін едәуір төмендеткеніне сенімді екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.
ARD телеарнасына берген сұхбатында ол АҚШ президентінің іс-әрекетін маңызды деп бағалады. Рютте Еуропа елдері операцияларға тікелей қатыспайтынын, бірақ АҚШ пен Израильге логистика және қорғаныс саласында қолдау көрсететінін атап өтті.
Германия өз ұстанымын айқын көрсетті, Франция да біржақты әрекет етеді, – деді ол.
Рютте НАТО-ның өз аумағында шабуыл болған жағдайда ғана әскери операцияларға араласатынын, ал Иран мен Парсы шығанағы аймағының операциялары ұйым аумағынан тыс екенін түсіндірді.