НАТО 2027 жылы көшбасшылар саммитін өткізбейтін болды
Бұған дейін Албанияда өтуі жоспарланған кездесу кейінге қалдырылуы мүмкін.
НАТО 2027 жылға жоспарланған Албаниядағы көшбасшылар саммитін өткізбейді. Сонымен қатар альянс қорғаныс және сыртқы істер министрлерінің кездесулер санын қысқартып жатыр. Іс-шаралар кестесіндегі өзгерістер туралы Associated Press хабарлады.
Албания премьер-министрі Эди Рама 12 қарашада 2027 жылы НАТО көшбасшыларының кездесуі өтпейтінін мәлімдеді. Алайда ол 2028 жылы Тиранада саммит өткізу мүмкіндігін жоққа шығармады.
НАТО бас хатшысы Марк Рютте бұл шешімге аса мән бермеуге шақырды.
Біз саммиттерді қажеттілік туындаған кезде ғана өткіземіз, – деді ол AP агенттігіне берген сұхбатында.
НАТО үшін жыл сайын саммит өткізу міндетті емес. Бұған дейін альянс елдерінің көшбасшылары шамамен екі жылда бір рет бас қосатын.
2026 жылғы қазанда НАТО қорғаныс министрлерінің дәстүрлі кездесуін өткізген жоқ. Мұндай отырыс 2027 жылдың қазан айында да жоспарланбаған. Бұдан бөлек, келесі жылы сыртқы істер министрлерінің екі кездесуінің орнына бір ғана отырыс өтеді.
Альянс өкілдері мұндай өзгерістерді іс-шаралар кестесін қайта ұйымдастырумен түсіндіреді.
Associated Press мәліметінше, бұл өзгерістер одақтастар арасындағы келіспеушіліктер, соның ішінде қорғаныс шығындарына қатысты пікір қайшылықтары күшейген тұста болып отыр. НАТО-ның кейбір елдері Албания қорғаныс саласына жеткілікті қаражат бөлмейді деп санайды. 2026 жылы бұл елдің қорғаныс шығындары жалпы ішкі өнімнің 2,15 пайызы