"Нәтиже жоқ". Сенатор ауылды дамытуға арналған жобаны сынға алды
Сенатор Серік Шайдаров депутаттық премьер-министр Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгінгі таңда мемлекет басшысының тапсырмасы аясында 2019 жылдан бастап Ұлттық экономика министрлігі «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын іске асырып жатыр. Жобаның мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту. Мысалы, 2014-2023 жылдар аралығында республикалық бюджеттен 524 миллиард теңге бөлініп, 1800 ауылда 5 мыңнан астам жобаны жүзеге асырылған. Жаңғырту нәтижесінде ауыл инфрақұрылымын жаңа өңірлік стандарттар параметрлеріне дейін жеткізілуге тиіс болған, - деді депутат.
Үкімет отырысының бірінде Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров соңғы 10 жылда елімізде 583 ауыл жабылғанын, бүгінде республикада 6 256 ауылдық елді мекен барын мәлімдеген.
Егер ауылдық аумақтарды дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын еске алсақ, бағдарламаны іске асыра бастағанда 7 660 ауыл болған, яғни 20 жылдың ішінде 1404 ауылдық елді мекен жабылған. Егер елімізде әр 10 жыл сайын 700 ауылдық елді мекен қысқартылса, «Ауыл – ел бесігі» жобасы да басқа мемлекеттік бағдарламалардың тағдырын қайталамай ма? Бұған жол бермеу үшін мемлекеттік қолдаудың қатысуымен бөлінетін барлық несиені «Ауыл – ел бесігі» бойынша ауылдық елді мекендерді қаржыландырумен байланыстыру және негізгі индикаторды осы ауылдық елді мекендердегі салалар бойынша жалпы қосылған құнның өсуіне жыл сайынғы мониторинг жүргізе отырып, жаңа тұрақты жұмыс орындарының ашуды айқындау ұсынылды. Бұл орындалады деп қабылданып еді, - дейді Серік Шайдаров.
Алайда Шайдаровтың сөзінше, жұмыс тиімділігін көрсетпеген.
Осындай жағдайды ескеріп, неге инфрақұрылымға млрд-таған сома құйылатын ауылдық елді мекендерде бөлінген несиелер мен бизнес ашу бойынша талдау жоқ деген сұрақ туындайды. «Ауыл – ел бесігі» жобасының мақсаты – осы ауылдардағы экономикалық өсу өлшемі арқылы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту. Іс жүзінде бюджет қаржысын әдеттегідей игеру жүріп жатыр, ал тұрақты жұмыс орындары ашылмаса мемлекет салынған қаржыдан тиісті нәтиже ала алмайды. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының мақсаттарына қол жеткізуге, осы ауылдық елді мекендердің экономкасын дамытуға жан-жақты талдау жүргізу қажет деп санаймыз. Бұл тәсіл ауылдағы өмір сүру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді және жалпы ауыл шаруашылығын дамуына серпін береді, - деді ол.