National Geographic Жер бетінде бесінші мұхиттың бар екенін мойындады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. National Geographic Оңтүстік мұхитты әлемдегі бесінші мұхит деп таныды.
Бұл туралы МИР24 жазды.Картографтардың сөзінше, Антарктида жағалауындағы судың өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл факт оны бесінші мұхитқа бөлуге мүмкіндік береді.
Мақалада ғылыми қоғамдастықтағы бесінші дүниежүзілік мұхит туралы мәселе бұрыннан бар екені айтылған. Көптеген ғалым оны Тынық мұхиты, Үнді және Атлант мұхитының жалғасы деп санап келген.
Зерттеушілер Антарктикамен ұласатын және оңтүстік ендік бойынша 60 градусқа дейін созылатын Оңтүстік мұхит суы терминін енгізбек. Олардан Дрейк бұғазы мен Скоша теңізі алынып тасталады. Сөйтіп олар Атлант мұхитының оңтүстік бөлігіне кіретін болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Маңғыстау облысында мыңнан астам мал қырылған
Өзгелердің жаңалығы