«National Geographic» - екінші рет «Үркер» сыйлығына ие болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорда өтіп жатқан баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы «Үркер» ұлттық сыйлығының «Жыл журналы» номинациясының иегері анықталды.
Бұл аталымның финалдық кезеңіне төрт ұжым шықты:
«Ақыл-кеңес»
«National Geographic»
«Ұлыс» «Мысль»
Осылардың арасынан «National Geographic» жеңіске жетті.
Еске сала кетейік, аталған сыйлық баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктері үшін беріледі. Сонымен қатар, сыйлық өңірлердегі мультимедиалық журналистиканы дамытуға ықпал ету, журналистика мәртебесін көтеру, кәсіби стандарттар мен критерийлерді бекіту, қоғамның азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған.
Ұлттық сыйлықтың негізгі мақсаты - талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлестерін тану және шығармашылықтарына қоғамның назарын кеңінен аудару болып табылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Үркер» сыйлығы-2019: "Время" газеті үздік басылым атанды
Келесі жаңалық
Қазақстан мен Ресей агроөнім саудасын жеңілдетеді
Өзгелердің жаңалығы