Наталья Дементьева: «Ең басты міндетіміз – халықпен тікелей байланыста болу»
Халық Кеңесінің мүшесі жаңа саяси органның жұмыс бағыты мен негізгі міндетін атап өтті.
Қазақстан Халық Кеңесінің ең басты міндеті – халықпен тікелей байланыс орнатып, азаматтардың сауалдарын заңнамалық деңгейге дейін жеткізу. Бұл туралы Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Наталья Дементьева мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясына Мемлекет басшысының арнайы келіп қатысуы жаңа органның маңызын көрсетеді.
Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясына Президенттің өзі арнайы келіп қатысуы Кеңестің абыройының биік екенін көрсетеді. Біз өз жауапкершілігімізді түсінеміз. Мен өз басым заңнамалық жұмыс не екендігін білемін. Өйткені Парламент қабырғасында екі шақырылымда қызмет еттім. Біздің міндеттерімізді кеше ғана Президенттің өзі айтты. Дегенмен менің ойымша, біздің ең басты міндетіміз – халықпен тікелей байланыста болу, – деді Наталья Дементьева.
Кеңес мүшесінің сөзінше, жаңа саяси орган құрамында өз саласының мамандары мен кәсіби мамандар бар. Олардың әрқайсысының мол тәжірибесі жұмыс қарқынына әсер етеді.
Жаңа саяси органның құрамының өзінде өз ісінің мамандары, кәсібилері бар. Олардың әрқайсысы – үлкен тәжірибе арқалап жүргендер. Сондықтан олардың бэкграундын ескерсек, жұмысымыз қарқынды болады, – деді ол.
Наталья Дементьева Кеңес мүшелерін әртүрлі комитеттерге бөліп, жекелеген бағыттар бойынша жұмыс жүргізілетінін атап өтті.
Өйткені бізді әртүрлі комитеттерге бөліп, жеке-жеке таңдап алып, әрбір секторға қатысты жұмысымыз болады. Міндетіміз біреу – халықпен қарқынды байланыс орнатып, олардың сауалдарын заңнамалық жағдайға дейін жеткізу. Яғни Құрылтаймен тығыз жұмыс істейміз, – деді Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі.