Нәсілшілдік қорлауға тап болған Винисиус "Реалдан" кете ме?

«Реалдың» шабуылшысы Винисиус Жуниор Ла Лигадағы алдағы матчтарға қатыса алады, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Marca басылымының хабарлауынша, Испанияның спорттық жарыстар комитеті (RFEF) көп сағаттық талқылаудан кейін Винисиусты шеттетпеу жөнінде шешім қабылдады. Оның себебі - төрешінің матчтағы болған оқиғаны дұрыс бағаламауы.

Осылайша бразилиялық футболшы 24 мамырда өтетін «Райо Вальеканоға» қарсы матчқа қатысатын болды.

Бұған дейін Испания чемпионатының 35-ші турындағы «Валенсиямен» (0:1) ойын кезінде Винисиус нәсілшілдік қорлауға ұшырады. Сондай-ақ бразилиялық екінші таймда "Валенсия" ойыншыларымен қақтығысып, алаңнан қуылды.

Винисиус "Реал Мадридте" 2018 жылдан бері өнер көрсетеді. Форвардтың клубпен келісімшарты 2024 жылға дейін.

Еске сала кетейік, "Валенсиямен" болған ойында Винисиус Жуниорға жанкүйерлер балағат сөздер айтып, кездесу 10 минутқа тоқтатылды.

Кейін футболшы әлеуметтік желісіне мұндай нәсілшілдік қорлау бірінеше рет болғанын жазды.

Ла Лигада нәсілшілдік қалыпты жағдай. Лига басшылығы мұны қалыпты жағдай деп санайды. Оның аясын федерация да, бәсекелестер де арттырып отыр. Бұл - өкінішті. Кезінде Роналдиньо, Роналдо, Криштиану және Месси ойнаған чемпионат қазіргі таңда нәсілшілдерге тиесілі. Мені қамқорлығына алып, мен жақсы көретін ел әлемге нәсілшіл елдің бейнесін шығаруға келісім берді. Осының бәрін қолдамаған испаниялықтарға жаным ашиды, бірақ бүгін Бразилияда Испания нәсілшілдер елі ретінде танымал. Мен мықтымын, нәсілшілерге соңына дейін барамын, - деп жазды Винисиус Twitter-де.

Жанкүйерлердің кемсітуі команда автобустан шыққан сәтте де басталды. Содан кейін матч барысында жалғасты. Әлеуметтік желілерде олар Вини допқа иелік еткен кезде трибунадан «Өл, ақымақ маймыл», «Сен қара ақымақсың» деген сөздерді естіген.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: instagram.com/vinijr
Өзгелердің жаңалығы