NASA үздік дәретхана үшін 35 мың доллар береді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Байқауға кәмелетке толмағандарды қоса алғанда барлық тілек білдірушілер қатыса алады. Жеңімпазға 35 мың доллар ақшалай жүлде мен NASA - ға экскурсия жасау мүмкіндігі беріледі.

NASA Hero X платформасымен бірге Артемид миссиясына арналған үздік дәретхананы анықтау үшін Lunar Loo challenge байқауын ұйымдастырды. Оның аясында 2024 жылы Айға он үшінші адам мен бірінші әйел жіберіледі, деп жазады The Verge.

Хабарламада айтылғандай, мамандар аэроғарыш ведомствосы ғарыш дәретханаларын жобалауды осыған дейін де тәжірибелеген. Дегенмен, әзірлеушілер басқалардың тәжірибесін зерттеуді жөн көрді.

Идеялар барлық тілек білдірушілерден, тіпті кәмелетке толмағандар да қабылданады. Байқау сегіз айға созылады. Қатысушыларға қойылатын талап: дәретхана екі жыныстағы астронавтар үшін ыңғайлы болуы керек. Оның салмағы аз және энергиятиімді болуы шарт.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы