Бүгiн 2026, 07:14 Фото: Brendan McDermid / Reuters

NASA-ның Айға бағытталған миссиясы сәтті ұшырылды

Зымыранға 2,65 миллион литрден астам криогендік отын құйылып, жалпы салмағы 2,6 мың тоннаға жуықтады.

NASA-ның «Артемида-2» бағдарламасы аясындағы Ай миссиясы сәтті басталды. «Орион» ғарыш кемесі 1 сәуір күні АҚШ-тың Шығыс жағалауы уақыты бойынша сағат 18:35-те (2 сәуірде Орталық Еуропа уақытымен 00:35) Флорида штатындағы Канаверал мүйісінде орналасқан Кеннеди ғарыш орталығының 39А ұшыру алаңынан көкке көтерілді, деп хабарлайды BAQ.KZ DWпорталына сілтеме жасап.

Ұшырылым алдында әлемдегі ең ірі зымыран-тасығыштардың бірі – Space Launch System (SLS) шамамен 5 сағат бойы жанармаймен толықтырылды. Зымыранға 2,65 миллион литрден астам криогендік отын құйылып, жалпы салмағы 2,6 мың тоннаға жуықтады.

Экипаж құрамында төрт астронавт бар: Рид Уайзман, Джереми Хансен, Кристина Кох және Виктор Гловер. Бұл миссия бірқатар тарихи ерекшеліктерімен де маңызды: Виктор Гловер – Ай миссиясына қатысқан алғашқы афроамерикалық астронавт болса, Кристина Кох – осы миссияға қатысқан алғашқы әйел астронавт.

Ғарышкерлер алдағы 10 күн ішінде Айды айналып ұшып, Жерге қайта оралады деп жоспарланып отыр.