7 Қазан 2024 2024, 13:41
NASA ғалымдары Плутон серігінен көмірқышқыл газын тапты
NASA ғалымдары Плутонның ең үлкен серігі Харонның бетінде көмірқышқыл газы мен сутегінің тотығы барын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
NASA ғалымдары Плутонның ең үлкен серігі Харонның бетінде көмірқышқыл газы мен сутегінің тотығы барын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Бұл жаңалықты мамандар Джеймс Уэбб атындағы телескоптың көмегімен анықтаған. Ғалымдардың пікірінше, Харондағы сутегі тотығы радиацияның су молекулаларына әсерінен пайда болуы мүмкін. Ал көмірқышқыл газы метеориттердің құлауынан пайда болса керек.
Плутонның массасы Айдан алты есе аз. Атмосферасы 20 қабаттан тұрады. Яғни жердікінен де көп.