13 Маусым 2021 2021, 16:11

NАSА Айға ұшатын зымыранын көрсетті

Алматы, BAQ.KZ. NАSА америкалық ғарыш агенттігі алғаш рет әлемге өзінің астронавтары осы онжылдықта Айға ұшатын аса ауыр зымыранын толық жинап, көрсетті.

Алматы, BAQ.KZ. NАSА америкалық ғарыш агенттігі алғаш рет әлемге өзінің астронавтары осы онжылдықта Айға ұшатын аса ауыр зымыранын толық жинап, көрсетті.

Бұл туралы Almaty.tv хабарлады.

Флоридадағы Кеннеди ғарыш орталығының инженерлері супер зымыранның барлық үш негізгі элементін бірінші рет біріктіре отырып, Space Launch System (SLS, Ғарыштық ұшыру жүйесі) зымыранының 65 метрлік негізгі сатысын екі үдеткіштің арасына түсірді.