NASA Ай мен Марсқа ұшуға арналған жаңа скафандрді таныстырды
Алматы, BAQ.KZ. АҚШ-тың ұлттық әуеғарыш басқармасы Ай мен Марсқа ұшуға арналған жаңа екі скафандрді таныстырды. Бұл туралы liga.net хабарлады.
Ведомства директоры Джеймс Брайденстайнның айтуынша, скафандрдің бірі кеңістікке ұшуға және жерге оралу кезінде борттың ішінде киюге арналған. Екіншісін айдың бетін зерттеу кезінде пайдаланады, әсіресе оңтүстік полюстің ауа райына бейімделіп жасалған.Жаңа скафандерлер ғарышкерлердің көп қозғалуын қамтамасыз етеді, яғни айдың бетінде жүріп-тұруға өте ыңғайлы. Оның үстіне, ғарышкерлер саусақтарын қозғалтып, Ай бетіндегі тастарды тере алады. Жаңа скафандр иықтың, шынтақтың және білек буындарын еркін қозғалуына жағдай жасайды. Бұл ғарышкерлердің еркін қозғалуын қамтамасыз етіп отырған алғашқы скафандр болып отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы