Нарынқолда туристерді жаяу өткізу пункті ашылады - Облыс әкімі

Қытаймен арадағы визасыз режимді тиімді пайдаланып, туристерді көптеп тарту үшін Нарынқолда жаяу өткізу пунктін ашу жоспарланып отыр. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев ОКҚ-де өткен брифингте осылай деді, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, республикалық туристік картаға енген әрбір оныншы нысан өңірде орналасқан.

Биыл 15 туристік аумақта 337 шақырым таулы соқпақтар мен маршруттарды абаттандыру жүргізіліп жатыр. Көлсай көлдерінің инфрақұрылымын дамыту, кәріз жүйелері мәселесін шешуді қолға алдық. Биыл демеушілердің есебінен тегін Wi-Fi қосылып, бейнебақылау камералары орнатылды. Осы жерде Көлсайдың жанындағы Саты ауылы жақында Өзбекстанда өткен Дүниежүзілік туристік ұйымның кеңесінде «Ең үздік туристік ауылдардың» қатарына енгізілгенін атап өткім келеді. Бұл туризмді дамыту жұмыстарына берілген жоғары баға, - деді облыс әкімі.

Сұлтанғазиев осыған орай Қытаймен арадағы визасыз режимді тиімді пайдаланып, туристерді көптеп тарту үшін Нарынқолда жаяу өткізу пунктін ашу жоспарланып отырғанын айтады. Аталған іс-шараларды іске асыру туристер санын әрі қарай да ұлғайтуға мүмкіндік бермек.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі
Өзгелердің жаңалығы