Нарынқолда мешіттегі садақаны ұрлап әкеткен
Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысында мешіттен садақаға арналған ақшаны ұрлаған күдікті ұсталды. Бұл туралы Алматы облыстық ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Райымбек ауданының полиция бөліміне Нарынқол ауылының мешіт имамы xабарласып, түнгі уақытта белгісіз адамдардың мешіттің ішіне кіріп, садақаға жиналған ақшаны ұрлап кеткені туралы айтқан. Ұрылар 150 мың теңге көлеміндегі ақшаны қолды қылған.
Оқиға орнына шұғыл жеткен тәртіп сақшылары мешіттегі ұрлыққа қатысы бар күдікті – Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының 37 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Полиция қызметкерлерінің анықтауынша, күдікті ашық тұрған есікті пайдаланып, мешітке кіріп, бөлмеден садақаға арналған ақшаны алып кеткен. Күдікті ұсынылған дәлелдерден кейін өз кінәсін толық мойындады, – деп хабарлады Райымбек АПБ бастығы Мұрат Нурдаулетов.
Қазіргі таңда күдікті Уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Бұл жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша (ұрлық) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Чадты 30 жылға жуық басқарған президент қайтыс болды
Келесі жаңалық
IT-қызметтер экспортының көлемі артты - Бектенов
Өзгелердің жаңалығы