Нарықты толық отандық мұнай өнімдерімен қамтамасыз етеміз – Бозымбаев
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев министрліктің кеңейтілген алқа отырысында Қазақстандағы жанар-жағармай саласындағы ахуал туралы баяндады.
“Негізгі мұнай өнімдерін өндіру көлемі 2018 жылы 9,4% өсті. Биыл 12,2 млн тоннаға жеткізу жоспарланып отыр”, - деді Бозымбаев.
2018 нарықты отандық мұнай өнімдерімен қамту келіседей көрсеткішке жеткен: бензин – 93,2%, дизель отыны – 91,1%, әуе керосині – 62%.
“Биыл нарықты отандық бензин, дизель отыны, әуе керосинімен 100% қамтамасыз етеміз. Алғашқы жарты жылдықта мұнай өнімдерін Орталық Азия елдеріне экспорттауды жоспарлап отырмыз. Заңнамалық база аяқталу сатысында”, - деді министр.
Ол вице-министр Болат Ақшолақовқа заңнамаға өзгерістер енгізу мен келісімдерді ратификациялау мәселелерін қатаң бақылауға алуды тапсырды.
Министр бензин бағасының төмендегенін де атап өтті.
"2018 жылдың басынан Аи-92 маркалы бензиннің бөлшек баеасының 4% төмендеуі байқалады. Биыл ақпан айында Алматы қаласында Аи-92 маркасының ең төменгі бағасы 139 теңгені құрады ", - деді Энергетика министрлігінің басшысы.
Бұған дейін ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев кеңейтілген алқа отырысында 2018 жылды қорытындылап, 2019 жылға қойылатын міндеттерді атап өтті.
Назерке Абибулла
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жамбылда 7 мыңнан астам азамат қатерлі ісікке шалдыққан
Келесі жаңалық
Мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Өзгелердің жаңалығы