Наркологиялық есепте 100 мыңға жуық азамат тұр – Милюк

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Алексей Милюк Ішкі істер министрлігінің дәстүрлі брифингінде айтты.

Бүгінде учаскелік полиция инспекторлары ішкі істер органдары жүйесіндегі көпфункционалды қызмет болып табылады. Олар халықтың көші-қоны саласындағы құқықтық тәртібін, жол қауіпсіздігін, бақылауды, аумақтарды абаттандыруды, қоршаған ортаны қорғауды және басқа да көптеген мәселені қамтамасыз етеді, - деді Алексей Милюк.

Ол атағандай, учаскелік инспекторлар қылмыстық іс жүргізуді жүзеге асыруға, әкімшілік құқық бұзушылықтардың 50-ден астам құрамы бойынша өз бетінше жаза қолдануға құқылы.

Олар сотталған адамдардың, отбасылық тирандардың және басқа да маргиналды элементтердің қауіпті санаттарының мінез-құлқы мен өмір салтын бақылайды. Денсаулық сақтау органдарының алдында алкогольге тәуелді адамдарды мәжбүрлеп емдеу мәселелеріне бастамашылық етеді. Бүгінде наркологиялық есепте осындай 100 мыңға жуық азамат тұр. Өзінің функционалдық міндеттеріне байланысты ол халықпен міндетті және жеке байланыста болады, - деді Алексей Милюк.

Ол атағандай, полиция «қадамдық қолжетімділікте» қағидатының мақсатын іске асыруда маңызды рөл атқарады, өйткені ауылдағы учаскелік полиция қызметкері полицияның, кейде мемлекеттік биліктің жалғыз өкілі болып есептеледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы