"Наркокурьер". Өткен аптада кімдер ұсталды?
Еліміздің біршама өңірінде есірткі тасымалдаушылар ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Рудныйда синтетика жеткізушісі ұсталды. ІІМ ресми өкілінің айтуынша одан 16 грамнан астам Альфа-ПВП есірткісі тәркіленген. Сондай-ақ Атырау облысында интернет дүкенге курьер болып жұмысқа орналасқан синтетикалық-психотроптық заттарды жасырушы ұсталды. Оның пәтерін тінту барысында салмағы 1,5 кг есірткі тәркіленді.
Шымкентте полиция қызметкерлері елдің бірқатар қалаларында синтетикалық есірткіні көтерме саудамен айналысқан өңірлік есірткі тасымалдаушыны ұстады. Ол Алматыда жалдамалы пәтерде болған. Пәтерді тінту барысында жалпы салмағы 1,5 кг болатын амфетамин, лсд секілді есірткі заттары тәркіленді. Солтүстік Қазақстан облысында жергілікті тұрғыннан 8,5 кг марихуана тәркіленді,-деді Есірткіге қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов.
Жалпы жүргізілген операцияның қорытындысы бойынша барлығы 258 құқықбұзушылықтың жолы кесілді. Оның ішінде 58 есірткі өткізу, аса ірі көлемде сақтаудың 40 фактісі және есірткі контрабандасының 7 фактісі анықталған.