25 Қараша 2026, 22:53 Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Нариман Құрбанов Мәскеудегі халықаралық турнирде топ жарды

Отандасымыз ат снарядындағы жаттығуда 15,066 ұпай жинап, жарыс жеңімпазы атанды.

Қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов Ресей астанасы Мәскеуде өтіп жатқан халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды.

Отандасымыз ат снарядындағы жаттығуда 15,066 ұпай жинап, жарыс жеңімпазы атанды.

Екінші орынды 14,300 ұпай еншілеген ресейлік Ранель Сафиуллин иеленді. Ал тағы бір ресейлік гимнаст Даниел Маринов 13,866 ұпаймен қола жүлдеге қол жеткізді.