+1

Наразылыққа шыққандар Бангладештің бұрынғы премьерінің үйін өртеді

Наразылыққа шыққандар Бангладештің бұрынғы премьерінің үйін өртеді

Бангладеште наразылыққа шыққандар елдің бұрынғы премьер-министрі Шейх Хасинаның, сондай-ақ оның партиясының өзге де мүшелерінің үйін өртеп кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ BBC-ге сілтеме жасап.

Тәртіпсіздіктер Хасина ұлтқа ол Үндістаннан әлеуметтік желілер арқылы үндеу жасайтындығы туралы хабарламадан соң басталған. Еске салайық, бұрынғы шенеунік былтыр студенттердің наразылығынан жүздеген адам қаза тапқан соң елден кетіп, Үндістанды паналауға мәжбүр болған.

Экскаватормен барған ереуілшілер Бангладештің алғашқы президенті болған Хасинаның әкесі Муджибур Рахманның үйін бұзып тастады. Айта кетерлігі, ғимарат біршама уақыттан бері музей нысанына айналған.

Хасинаның әкесі тәуелсіздік үшін күресте ерлігімен көзге түссе де, қызына халықтың көңілі толмауы оның қаһармандығын жоққа шығарып отыр.

Хасина әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирге шығып, ереуілге сын айтып, "әділдікті" талап етті.

Олар ғимаратты бұзғанымен, тарихты өшіріп тастай алмайды, - деді ол.

Сондай-ақ наразылыққа шыққан топ "Авами лиг" партиясының жоғары шенді көшбасшыларының үйлері мен бизнестерін өртеп, тас-талқанын шығарды.

Полиция резиденцияның алдына 700-дей ереуілші жиналғанын, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ондаған полицей жұмылдырылғанын мәлімдеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы