Нақты шешім жоқ – Министр ҚҚС-ны көтеруге қатысты
Қосымша құн салығын көтеруге қатысты Үкімет бір шешімге келген жоқ. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
ҚҚС мөлшерлемесі 20 пайыз әлемде ең жиі қолданылатын мөлшерлеме, бірақ біз әлі нақты шешімге келген жоқпыз. Бізде еліміздің жетекші экономистері мен салық саласының мамандарынан құралған кеңесшілер бар, олар әртүрлі есептеулер, стресс-тесттер жүргізіп жатыр. Ұлттық банктің макроқаржылық моделі негізінде бірнеше есептеулер жасадық. Әзірше біз есептеулерді жалғастырып жатырмыз. Сондықтан үкіметтің нақты шешім қабылдап, бұл мөлшерлемені негізгі деп бекітті деп айтуға әлі ерте, – дейді Жұманғарин Үкіметті отырысынан соң өткен брифингте.
Алайда Үкімет бәрібір де реформа қажет екенін айтады.
Бүгін бұл ұсынысты Мемлекет басшысы өз баяндамасында қолдады. Біз қазіргі заңнамаға сәйкес, елде көп кәсіпкерлер үшін салықты оңтайландыруға арналған ресми жолдар жасалған бұрынғыдай жағдайларда өмір сүре алмаймыз. Яғни, мемлекет өз функцияларын орындауға тиіс: әлеуметтік міндеттер және мемлекеттің жұмыс істеу қабілеттілігіне байланысты міндеттер. Мемлекет салық жинамаса, бұл міндеттерді қалай орындай алады? Бұл – анық нәрсе деп ойлаймын. Сондықтан біз ҚҚС-ты көтеруді жоспарлап отырмыз. ҚҚС-ты қаншалықты арттыратынымыз – ол талқыланып жатыр. Қазіргі таңда Парламентте Салық кодексінің жобасы тұр, оған мемлекет тарапынан ұсынылатын түзетулермен жақын арада енгіземіз, – деді Серік Мақашұлы.