Нанның ішінен телефон шықты: Қызылордада айлакердің әрекеті әшкере болды
Қызылордада түрмеге телефонды нанның ішіне жасырып өткізбек болған азамат әшкере болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Сотталған азаматқа әкелінген тамақтарды тексеру барысында ұялы телефон тәркіленді.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде жазасын өтеушіге танысы салем-сауқат әкеледі. Салем-сауқат ішіндегі бөлке нанның ортасына жасырып, құйтұрқы әрекетпен ұялы телефон мен қуаттағыш жасырып өткізбек болған.
Қызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкерлері шақыртылып ұялы телефон тәркіленді.
Қызметкерлердің қырағылығының нәтижесінде тыйым салынған затты кіргізу әрекетінің жолы кесілді.
Телефонды мекеме аумағына енгізуге әрекеттенген азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабының 1- бөлігімен құжаттар сотқа дайындалып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы