Нан неге қымбаттады? – АШМ жауап берді
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
«Елдегі нан бағасы 20%-ға жуық өсті. Ал нан өндірісі 3%-ға төмендеп кеткен. Соның себебі неде?» деп сұрады тілші.
Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың ішіндегі нанның бағасы өскен жоқ. Қазір нан бағасының біршама өсуі «премимум-нан» деп айтамыз ғой, әлеуметтік санатқа кірмейтін, бизнестің өзінің жасап жатқан тауарларының бірі. Олардың өсу себебі – бидай құны, оның нарығының өсуі орын алған жоқ. Оған (қымбаттауға – ред.) оны өндіру процесіндегі шығындардың өскендігі себеп болды. Энергетикадан бастап, тасымалдау, қолданылатын ашытқының бағасы да өсті, - деп атап өтті ведомство өкілі.
Сонымен қатар ол нанның қымбаттауына әкелген тағы бірнеше факторды атады.
Оның үстіне, соңғы уақытта байқалған дизотынның бағасы да қымбаттады. Бірақ әлеуметтік нан бағасы сол қалпында қалып отыр. Біз мемлекеттік қолдау көрсеткенбіз, әрі қарай да қолдауды жалғастырамыз. Ал шаруашылық нарықтағы нан бағасының өсуі өздерінің шығындарының артуымен байланысты болды, - деді Бағлан Бекбауов.