Нан бағасы қымбаттай ма?

Бұл сұраққа Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жанабаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біз шынымен астық бағасының төмендегенін байқап отырмыз. Сондықтан елорданы әлеуметтік маңызға ие нанмен қамтамасыз ету үшін ірі ұн тартатын компаниямен келісімшарт жасастық. Ол бізді 5 мың тонна ұнмен қамтамасыз етеді. Осылайша, өндірушілеріміз жыл бойы әлеуметтік нанды дүкен сөрелерінде 95 теңге болып белгіленген бағамен сата алады, - деп атап өтті басқарма басшысының орынбасары.

Сондай-ақ ол бүл бағыттағы жұмыс жалғасын табады деп отыр.

Ұн өндіретін кәсіпорын ұнды нан пісіретін кәсіпорынға тікелей жеткізіп отырады, - деді Мақсат Жанабаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін жанармайдың қымбаттауы азық-түлік бағасына қалай әсер ететіндігі туралы жазған болатынбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: elements.envato.com
Өзгелердің жаңалығы