Намаз оқитын қыздың құқығы неге шектелуі керек? – Бас мүфти мәлімдеме жасады
Шариғат никабты міндеттемейді. Парламенттің бірлескен отырысының алдында Бас мүфти Наурызбай Тағанұлы осылай деді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Жалпы, шариғат никабты міндеттемейді. Біз бұған дейін де мәлімдеме жасаған едік. Заң бойынша қалай болатынына біздің қатысымыз жоқ. Біз өз насихатымызды жүргіздік. ҚМДБ халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Халықтың пайдасына шыққан кез келген заңға біз бағынамыз. Балиғат жастағы, Аллаға сенген кез келген қыз баланың орамалмен жүруін шариғат міндеттеген. Сондықтан балиғат жастағы қыз бала орамалмен жүруі керек. Біз оны осыған дейін де айттық. Намаз оқитын қыз бала орамалмен жүргісі келеді. Оның құқығы неге шектелуі керек?, - деп жауап берді Бас мүфти.
Еске сала кетейік, осыған дейін ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мекемеге қатысты сұраққа жауап берді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Президент ішкі әуе бағдарларын дамытуға ерекше назар аударды
Келесі жаңалық
Жұмаға арналған валюта бағамы
Өзгелердің жаңалығы