Нәлібаев пен вице-министр аймақты электрмен қамту мәселесін талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетовпен кездесті.
Басқосуда Қызылорда жылу электр орталығы мен аймақты электр қуатымен қамту мәселелері талқыланды.
Аймақ басшысы Сыр елінде энергетика саласында атқарылып жатқан кешенді жұмыстар барысын таныстырды.
Басқосу барысында аймақта жаңа жылу электр станциясын салу мен газ трубиналық электр станциясын қайта жаңғырту мәселесі сөз болды. Облыс әкімі бұл маңызды жұмыстардың уақыт күттірмей шешілуі қажет екенін алға тартты.
Вице-министр Жандос Нұрмағанбетов облысты қажетті қуат көздерімен қамту жұмыстарының маңыздылығына тоқталып, осы бағытта бірлесіп жұмыс жасауға мүдделі екенін жеткізді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы