«Нағыз туристік хаб» Катонқарағайда ерекше орталық құрылып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Катонқарағай ауданындағы Үлкен Нарында ақпараттық туризм орталығы құрылып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс.
Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Ернар Мұстафиннің айтуынша, бұл нысан нағыз туристік хабқа айналады.
Туризм нысандары, туристік өнімдер туралы ақпарат беретін сервистік қызмет болады. Орталықта 10 жұмыс орны ашылады. Бұл хаб автовокзал, ана мен бала бөлмесі, бренд киімдер бутигі және 50 орындық дәмхана функцияларын біріктіреді, – деп түсіндірді Ернар Мұстафин.
Сондай-ақ оның айтуынша, орталықта Катонқарағай ауданының барлық 14 бағыты мен туристік соқпақтарына жол бастайтын гидтерге арналған орын да болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
БҚО-да дүкен иесін үйінің ауласында атып кетті
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы