Нью-Йоркте коронавирустың өлім қаупі жоғары «йота» жаңа штамы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нью-Йоркте «йота» деп аталатын коронавирустың жаңа штамы анықталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл COVID-19 мутациясы иммундық тапшылық тудыруға қабілетті, деп хабарлайды Life.ru.

Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің Орал федералды округінің медициналық алдын алу жөніндегі маманы, медицина ғылымдарының докторы Сергей Токарев коронавирустық инфекцияның жаңа штамы туралы айтты.

Токаревтің айтуынша, йота штамының өлім-жітім көрсеткіші 82 пайызға дейін жетеді, әсіресе 45 жастан асқандар үшін қаупі басым және басқа мутацияға қарағанда 25 пайызға тез таралады.

Токарев йота штамының иммундық тапшылық тудыратынын атап өтті. Бұл нұсқа басқаларға қарағанда патогенді және жұқпалы.

Медицина ғылымдарының кандидаты Николай Крючков йота штамы туралы өте аз мәлімет бар екенін қосты. Оның таралу қабілеті туралы айтуға әлі ерте.

Егер ол өссе, онда басқа штамдармен сәтті бәсекелесуге мүмкіндік беретін эволюциялық өзгерістер бар, - деп атап өтті Крючков.
Ол коронавирус дельта, лямбда және гамма сызықтары бойында мутациялық дамуын жалғастырады, олардан жаңа штамдар пайда болады деп ойлайды.

Бұған дейін Алматының бас дәрігері коронавирус жұқтырған адамдардың өліміне әкелетін негізгі факторларды атады. Көбінесе коронавирус және оның агрессивті нұсқасы дельта штамы созылмалы ауруы бар адамдарға «шабуыл жасайды» деген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы