Нью-Йорктағы қазақ полицейі АҚШ-тағы жекпе-жекте жеңді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нью-Йоркте полицей болып жұмыс істейтін 32 жастағы қазақстандық Димаш Ниязов 29 жастағы аргентиналық Джонатан Годойды жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жеңіл салмақтағы жекпе-жек Майамидегі (Флорида штаты, АҚШ) бокс кеші аясында өтті және барлық жоспарланған алты раундқа созылды. Ниязов бірауыздан төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Бұл жеңіс ол үшін 2017 жылдан бергі 14 жеңісі болды. Алдыңғы жекпе-жекте боксшы жеңіліп, омыртқа дискілеріне зақым келтіргендіктен содан кейін пандемияға байланысты рингке орала алмады. 29 жастағы аргентиналық  сегізінші жеңіліске ұшырады.

Естеріңізге сала кетейік, Ниязов Шымкентте дүниеге келген, бірақ балалық шағында отбасымен бірге АҚШ-қа қоныс аударған.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы