Нұрымбетов "Еңбек" бағдарламасы аясында гранттарды беру бойынша жұмысты жандандыруды ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біржан Нұрымбетов Ақмола облысында "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында гранттарды беру бойынша жұмысты жандандыруды ұсынды.
ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың Ақмола облысына жұмыс сапары аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларымен кездесіп, халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлеріне бизнесті дамытуға гранттар беру бойынша жұмысты жандандыруды ұсынды. Сондай-ақ, ҚР Еңбекминінің басшысы Nur Otan партиясының филиалында азаматтарды қабылдады. Өңір тұрғындарымен әңгіме барысында Біржан Нұрымбетов ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндірді.Біржан Нұрымбетовтің аймақтағы бағдарламасы Зерендіден басталды, онда министр "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында грант және микрокредит алған жеке кәсіпкерлердің бизнестің дамуымен танысты. Мәдина Қостанованың шаштаразы мен Айжан Мұханжарованың кафесінде жағдайды көрген соң, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшысы әйелдерді кәсіпкерлік бастамаларының сәтті жүзеге асырылуымен құттықтады.
"Еңбек" мемлекеттік бағдарламасында микрокредиттер мен гранттар түрінде жаппай кәсіпкерлікті дамытудың жақсы құралдары бар. Сонымен қатар, ол "Бастау Бизнес" жобасының аясында кәсіпкерлік негіздері бойынша оқыту көзделген. Ақмола облысында биылғы жылы 2785 адам оқудан өтті, 1768 адам өздерінің бизнес жобаларын қорғады, олардың ішінде 846 адам жаңа бизнес идеяларын жүзеге асыру үшін шағын несиелер мен гранттар алды. Сіздің бизнесіңіздің сәтті дамып жатқанына және сіздердің отбасыларыңыздың материалдық жағдайларын жақсартып қана қоймай, ауылдастарыңызға жұмыс ұсынып жатқандарыңызға шын жүректен қуаныштымын, – деді Біржан Нұрымбетов іскер әйелдермен сұхбатында.Сонымен бірге, Зеренді ауданының жұмыспен қамту орталығына барған кезде министр қызметкерлеріне Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау, көпбалалы және табысы аз отбасыларды бизнеспен айналысуға тарту, оның ішінде "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша жұмысты жандандыруды ұсынды.
Бұл үшін тетіктер бар. Ақмола облысында биыл 1 143 грант бөлуге қаражат бөлінді, олардың 782-і немесе 68,4%-ы ғана берілді. Жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу үшін микрокредиттер мен гранттар беру бойынша жұмысты жандандыру қажет деп санаймын, – деп атап өтті министр.Көкшетауда Біржан Нұрымбетов Nur Otan партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінде қабылдау өткізді.
Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Біржан Нұрымбетов өңірдің 40 жұмыс берушісімен кездесті. Кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларымен әңгіме барысында министр мемлекет, жұмыс берушілер мен жұмысшылар арасындағы әлеуметтік серіктестіктің маңыздылығын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Біржан Нұрымбетов ҚР президентінің Қазақстан халқына Жолдауын Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан, Ақтөбе және Павлодар облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласынд