Нұрлан Ноғаев өртенген театрды қыс маусымына дейін қалпына келтіруді тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысының әкімі М.Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрын қалпына келтіру жұмыстарының басталу барысын тексерді, деп мәлімдейді Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Драма театрды қалпына келтіру жұмыстары өрттен кейін жедел түрде басталды. Қазір нысанда 22 компания жұмыс істеп жатыр, олар театрды өз қаражаттарына қалпына келтіріп беруге бастама көтерген.

«Қазір театр ғимаратының шатыры, электр желілері мен сыртқы қасбетін қалпына келтіру, ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар, 12 бірлік арнайы техника тартылып, 200-ден астам адам жұмыс істеуде. Театр ұжымы да тыс қалмай, қалпына келтіру жұмыстарына белсенді атсалысуда»,- дейді Атырау облыстық құрылыс басқармасының басшысы Мәлік Аманов. 

Театр ғимаратын аралап шыққан аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев өртке себепкер болған электр тұстаманы күрделі жөндеу жүргізілген кезде жаңартпаған театр басшылығын сынға алды. Облыс әкімі жағдайды жан-жақты саралап, кінәлілерге шара қолдануды тапсырды.

Театр ғимараты жаңартылып, биыл мамыр айында ашылған болатын. Қалпына келтіру жұмыстары барысында сахна жөнделіп, креслолар мен акустикалық жабынды алмастырылды, көрермен залын жарықтандыру техникасы жаңартылды.

«Бұл барлық облыс тұрғындары үшін үлкен сын болды, бірақ адамдардың немқұрайлы қарамағандықтарының арқасында қалпына келтіру жұмыстары өрттен кейін біраз сағаттан соң басталды - деді Нұрлан Ноғаев. - Көп жұмыс істеу керек, асығыстыққа жол беруге де болмайды, қыс түскенше уақытымыз бар. Мамандардың бағалауынша, үш ай ішінде қалпына келтіру жұмыстарын толығымен аяқтаймыз».

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Алдыңғы жаңалық
Burabike fest - 2019 басталды
Өзгелердің жаңалығы